3.09.2024, 9:30
Оқылды: 215

«Үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған»: Оралда көлік жүргізушісі ұсталды

БҚО-да жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылардың жолын кесу мақсатында «SuncarSmartQorgau» жүйесі кеңінен қолданылады. Оның көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген «Mitsubishi Galant» көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы – 1 млн теңге. Бұл жөнінде ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

341804F7-E071-4C55-97B2-650EECAE447C

Суреттер: видеодан скрин

«Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды», - деп мәлімдеді министрліктен.

AAFFCDC1-C480-411A-82F7-DA31E7BFF6E4

Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале