24.06.2024, 12:45
Оқылды: 77

Үш жаңа ЖЭО салуға БЖЗҚ қаражаты жұмсалмайды – Роман Скляр

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа ЖЭО құрылысы туралы айтып берді, деп жазды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

33604E24-DA9F-4512-898A-5333333C601C

Фото: Үкімет

Қазіргі таңда еліміздің барлық энергия көздерінің белгіленген қуаты 21 мың МВт құрайды, алайда қолда бар қуаты — 16 мыңға жуық.

«Қуат көзіне қажеттілік шамадан тыс артатын уақытта біз сырттан 2 мың МВт жуық электр энергиясын сатып аламыз. Бұл, әрине, өте көп. Осыған байланысты жаңа энергия көздерін тезірек салу қажеттілігі туындайды. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш ЖЭО салу және ГРЭС-2 үшінші энергия блогын салу туралы келісімге қол қойылды», – деді бірінші вице-премьер.

Бұл жобалар осы энергетикалық жабдықты өндіруші елдің жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.

«БЖЗҚ қаржысы қарастырылмаған және қарастырылмайды да», – деп түйіндеді Роман Скляр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале