11.03.2024, 17:30
Оқылды: 162

«Үш жүз» партиясы қалай құрылды?

«Үш жүз» ұйымы қазақ жерінде жарияланған алғашқы ұлттық-буржуазиялық саяси партия ретінде 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін пайда болады.

жп дала

1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың наурыз аралығында қызмет еткен «Үш жүз» партиясы нағыз большевиктік бағытты ұстанады. 1917 жылдың 17 қарашасында М. Айтпенов, Қ. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов және тағы басқасы қазақтың көзі ашық өкілдері «Үш жүз» партиясының құрылғанын жариялайды.

Сонымен Омбыда басталған партияның қоғамдық-саяси өмірі кейін Ақмола, Көкшетау, Петропавл және Семей қалаларында аймақтық бөлімдерін құрумен жалғасады. «Үш жүздіктер» алашордалықтармен күресте большевиктердің одақтасы болады. Оларға большевиктік ұйымдар тарапынан моралдық және материалдық қолдау көрсетіле бастайды.

Алайда 1918 жылдың 21 сәуірінде Омбыда өткен «Үш жүз» партиясының кезектен тыс жалпы жиналысында, партия басшысы Қ. Тоғысовқа айып тағылып тұтқынға алынады да, өзгелері кеңестік үкіметті қолдап большевиктер құрамына өтеді.

Осылайша «Үш жүз» партиясы саяси күшке айналмай, алашордашылар секілді кеңестер тарапынан таратылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Алаш қозғалысы». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2014 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале