16.08.2023, 16:00
Оқылды: 154

Үш жүзге есімдері етене таныс батырлар

Көптеген жырау да Исатай өліміне зор қайғырып жырларына батырдың ерлігін қосты. Айталық, атақты Мұрат Мөңкеұлы зар заманды еске ала:

 «Заманда, заман оралған.

Дүние шіркін соны алған.

Адыра қалғыр бұл қоныс.

Қайырсыз екен азалдан» деп шұбырта жырлап, одан әрі:

«...Тұлпар мініп ту алған,

Дұшпанын көріп қуанған,

Аруақты ерлердің,

Абыройын төккен жер,

Керегесін кескен жер,

Ердің соңы Исатай,

Бармағын тістеп өткен жер» деп кешегі батырлар дәуірін кейінгі ұрпаққа жырлап өтеді.

жп дала

Жалпы Исатай рулық батырдан халықтың батырына айналған қазақтың бірегей тұлғасы. Осындайда қазақ халқының қашанда ру батырларының көптігімен әйгілі халық екенін баршаға жария еткен жөн. Олардың қайсібірі рулық батырдан, ұлттық батыр деңгейіне көтерілді. Сол соғыста Исатай мен Махамбеттен басқа көптеген батырдың азаттық жолында атқа қонғаны белгілі. Мысалы, Ерсары батыр, Қалдыбай батыр, Қабыланбай батыр, Үбі батыр және тағы басқалары. Алайда олар Исатай мен Махамбеттей үш жүзге аттарын жая алған жоқ. Бұл олардың нашар батыр болғандығында емес, әркімнің еңбегі мен ерлігіне қарай көрінуі дер едік. Айталық, мұндай көріністер әр жүздің соғысында кездеседі. Бірақ та тарихта қалғандары мен үш жүзге мәлім болғандары саусақпен санарлықтай. Мәселен, қазақ халқының үш жүзіне белгілі батырларын атар болсақ, олар: Қоңырат руынан белгілі - Алпамыс батыр, тама руынан белгілі - Шора батыр, қыпшақтан - Бөгембай батыр, найманнан - Қабанбай батыр, әлімнен - Жалаңтөс батыр, арғыннан - Ағыбай батыр, қаңлыдан - Жауғаш батыр, байбақтыдан - Сырым батыр, беріштен- Ағатай батыр, Жайықтан - Исатай батыр мен Махамбет батыр, Тілеуқабақтан - Есет батыр және басқалар.

Жоғарыда аттары аталған батырлар шын мәнінде үш жүз қазақтарына ортақ батырлар, өйткені, олар қазақтың басына азат, еліне теңдік алу жолында қорған болған, қолына қару алып жұртын жұмылдыра алған батырлар болатын.

Ал осылардың ішінде бірі соғыста ерлікпен көзге түссе, бірі қол басқарған қолбасы болды. Солардың арасында халқын саяси оятуда, «елдік», «теңдік», «азаттық» ұранын көтергендер де болды. Сол заманғы батыр-билердің барлығы Исатай батырға жолдас болды. Олар беріштен Махамбет батыр, байбақтыдан Жүніс би, алашадан Ерсары батыр, ысықтан Қалдыбай батыр, әлімнен Есет батыр, танадан Науша батыр, төре-сұлтандардан Есімұлы Қайыпқали тағы басқалар. Ел әңгімелерінде:«Исатай- Махамбет қозғалысы Кіші жүздің патша үкіметіне қарсы жасалған тәртіпті қозғалыстардың соңы» деген әңгіме бар. Шынайы айтылған әңгіме дер едік.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале