25.06.2021, 11:11
Оқылды: 25

Үш жылдық жұмысты 10 айда аяқтаған

Бұл тәуелсіздік алған еліміз даму жолына енді түскен 2007 жыл болатын. Сол кезде туған өлкемізді жер астынан шығып жатқан газбен қамтамасыз ету, сөйтіп ауыл тұрғындарына  көгілдір отын жеткізу әрі жергілікті халықты тұрғын үйді жылытудағы бейнеті мол жұмыстан босату кезек күттірмес міндет болды.

F4AB9670-60DC-4CBA-8E37-599E6D4FD925  Батыс Қазақстан облысының сол кездегі басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов өңірдің ең алыс ауданы саналатын Бөкей ордасының шалғай елді мекендеріне газ құбырын тарту және жергілікті халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Мен ол кезде облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы қызметін атқаратынмын. Облыстағы көгілдір отынға қатысты барлық шаруа мен жауапкершілік маған жүктелді.

Алдымен алға қойылған міндетті атқару үшін газ құбырын тартатын мекемені таңдау мақсатында тендер жарияланды. Байқауға айдаладағы Атырау облысынан келген «Теңізмұнайқұрылыс» «TNS - group» концерні АҚ да құрылысты жүргізу құқығын иемденуге күш салып жатқан болатын. Оның бастығы Төкен Жұмағұлов екен.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 26 маусымдағы  №51 санынан оқи аласыздар.

Ғұмар Дүйсембаев,

ҚР Парламент Сенатының депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале