21.07.2022, 15:00
Оқылды: 39

Ұшақ апаты кезіндегі іздестіру мен құтқарудың ұлттық жоспары бекітілді

«Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті және төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде іздестіру мен құтқарудың ұлттық жоспары әзірленіп бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220627210446388e

Бұл жоспар Қазақстанда қолданыстағы ұлттық және халықаралық авиациялық қоғамдастыққа ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жүйесін ұсыну мақсатында әзірленген.

Жоспар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «іздестіру және құтқару» 12-қосымшасының, авиациялық және теңіз іздестіру мен құтқару жөніндегі нұсқаулықтың (IAMSAR Manuals, DOC 9731, 2019 жылғы басылым), Еуропалық іздестіру және құтқару жоспарының (EUR Doc 039), төтенше жағдайларды іздестіру мен құтқару және жою саласындағы ұлттық заңнаманың ережелері негізінде әзірленді.

Ұлттық жоспар іздестіру-құтқару қызметінің жұмысы қалай қамтамасыз етілетінін, ұйымдастырылатынын және қолдау көрсетілетінін сипаттайды.

Әрбір іздестіру және құтқару ауданына әзірленген іздестіру-құтқару операциясын ұйымдастыру жоспары осыған қосымша саналады.

Ұлттық іздестіру және құтқару жоспарының мәтіні «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ интернет-ресурсында жарияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале