28.09.2023, 11:45
Оқылды: 17

Үшінші алтын медаль: Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпиондары

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды. "Скит" жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды.

71de10ae-9d29-4ca4-9693-6c15a67da939

Қорытынды есеп – 40:35.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль. Естеріңізге сала кетейік, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған Қазақстанның әйелдер командасы "скит" жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын орнатты. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.

5f51f1ee-db02-4705-b189-48560fdc4762

- Біздің мергендер тағы да керемет нәтиже көрсетті! Спортшыларды, жанкүйерлерді және, әрине, команданың жаттықтырушылар штабын осы жеңіспен құттықтаймын. Бүкіл ел мергендерімізбен мақтанады. Бұл жеңіс мыңдаған қазақстандық жеткіншектерді осы спорт түрімен айналысуға шабыттандыратынына сенімдімін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале