3.10.2025, 19:37
Оқылды: 166

Ұстаздар күні: БҚО-да мұғалімдерге марапат табысталды

Бүгін Оралда Мұғалімдер күніне арналған шара өтті. Театрландырылған композициямен әрленген кешке 800-ге жуық адам – ардагер ұстаздар, қазіргі педагогтер, сала басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2025-10-03 at 14.47.29 (1)

Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы білім саласына сүбелі үлес қосқан ұстаздарға "Ерен еңбегі үшін" медалін, ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған медальді, "Еңбек ардагері" медалін, "БҚО білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісін және Алғыс хаттарды табыстады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин ұстаздарға "Ы.Алтынсарин" төсбелгісін және "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісін табыстады.

WhatsApp Image 2025-10-03 at 14.47.28

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 15 317 педагог қызмет етеді.

Өткен үш жылда 29 ұстаз "Үздік педагог" атанып, 100-ден астам мұғалім мемлекеттік наградаға ие болған.

Сондай-ақ №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Траисоваға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген.

Бұдан бөлек, 12 отбасы "Көпбалалы педагогикалық тандем" номинациясымен марапатталып, республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау аясында 100-ден астам педагогке ақшалай сертификаттар табысталған.

Бұл – тек құрмет кеші емес, жүрекке жылу сыйлаған шынайы алғыс пен ризашылық сәті болды.

WhatsApp Image 2025-10-03 at 14.47.29 (2)

Суреттерді түсірген: Марзия Зеин,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале