Мысырдың Исмаилияда қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде үстел теннисінен Қазақстан командасының өкілі Жания Бекмұхамбетова алтын медаль иеленді. Бұл туралы Қазспорт хабарлады.
Сурет: Қазспорт
Теннисші 13 жас санатында үздік деп танылды. 11 жасар жерлесіміз жеті матч өткізіп, оның бәрінде қарсыластарын жеңді.
Айта кетелік, биыл тамыз айында ол Хорватиядағы турнирде жеңіске жеткен.