28.03.2025, 16:30
Оқылды: 36

Үстеме жұмысқа тартылатын мемлекеттік қызметшілер

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әркімнің тынығуға құқығы бар.

313bcadf-735c-4dd7-92e3-a80a0f91cff3

Сурет: istockphoto.com

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 32-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады және Еңбек кодексінің 108-бабының талабы бойынша жұмыскерге үстеме жұмыс жасағаны үшін ақы төленеді немесе тынығу сағаттары беріледі.

Мемлекеттік қызметшілерге екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына сәйкес үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартылуы мүмкін.

Жұмыс істейтін әрбір қызметкердің тәулік ішіндегі үстеме жұмысы  екі сағаттан, ал үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.

Жүктілік туралы анықтама берген жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер және мүгедектер үстеме жұмысқа жіберілмейді.

Үстеме жұмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі  жұмысқа ақы төлеу жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленетіндігін  (Еңбек кодексінің 108,109-баптары)  атап өткен жөн.

Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс туралы нені білу маңызды:

-үстеме жұмысқа, демалыс, мереке күндеріндегі жұмысқа тарту үшін қызметшінің жазбаша келісімі қажет;

-үстеме жұмыс уақытындағы жұмыс әр қызметші үшін тәулік ішінде екі сағаттан, айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс;

- жұмыс, демалыс және мереке күндері (жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде тіркелуге) тіркелуге тиіс;

-үстеме жұмысқа ақы төлеу, мереке және демалыс күндеріндегі  жұмысқа ақы төлеу жұмыс  келісімі бойынша  қызметкердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшердегі ақымен өтеледі. Мұның бәрі актімен (бұйрықпен немесе өкіммен) ресімделуге тиісті.

Осыған орай, Департаментпен облыстағы мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын азайту бағыты бойынша өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жинақталған мәліметтерге сәйкес, 2 407 қызметкер үстеме, демалыс, мереке күндеріндегі жұмысқа тартылған (1060 қызметшіге үстеме, демалыс, мереке күндерінде жұмысқа тартылғаны үшін заңнамамен көзделген демалыс күндері (5893 сағаттары) берілген, 1347 қызметшіге үстеме, демалыс, мереке күндерінде жұмысқа тартылғаны үшін 58 292 017 теңге еңбек заңнамасына сәйкес тиісті мөлшерде өтемақы төленген).

Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік органдардағы икемді жұмыс уақыты 28 мемлекеттік қызметшіге қолданылған.

Жұмыс уақыты режимінің сақталуына қатысты 103 мемлекеттік органға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 48 мемлекеттік қызметшінің 31 сағат негізсіз үстеме жұмысқа тартылғандығы анықталды.

Департаментпен қабылданған ден қою шаралары нәтижесінде,
48 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 31 сағат демалыс уақыты ұсынылды және 7 лауазымды тұлғаға жұмыс уақыты режимінің бұзылуына жол бергені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Бұл өз кезегінде, отбасы, денсаулық немесе басқа да қиын жағдайларға тап болған мемлекеттік қызметшілердің икемді жұмыс кестесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Аталған жұмыс режимін еңбек заңнамасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің қажеттіліктерін ескере отырып, кеңінен енгізу орынды деп саналады.

Осыған байланысты, егер мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту фактілері орын алған жағдайда Департаментке жүгінуге құқылы екендігін атап өтеміз.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале