Азия күрес федерациясы (UWW Azia) онлайн дауыс беру арқылы еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын Азиядағы үздік федерация деп таныды, деп хабарлайды Olympic.kz.
UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері екі кезең бойынша өткен дауыс берудің нәтижесінде еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын осы мәртебелі атаққа лайық деп шешті.
Онлайн дауыс беруде UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері 9-14 сәуірде Астанада Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатын бас бармақпен бағалады.