27.01.2022, 11:50
Оқылды: 20

Ухан ғалымдары жаңа коронавирус туралы ескертті

Қытай ғалымдары бұрын Оңтүстік Африкада табылған NeoCoV коронавирусының адам популяциясына ену қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы bioRxiv сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

8AD7710A-8614-4357-9FEB-5D65D42501B4

"Осы вирустар тобының таралу жағдайларын, адамдарда пайда болу мүмкіндігін ескере отырып, мұқият бақылау керек", - делінген басылымда.

Сарапшылар пікірінше, вирус адам ағзасымен әрекеттесуі үшін белгілі бір мутация қажет, қазір ол тек жарқанаттарға қауіп төндіреді. Осыған қарамастан, ғалымдар NeoCoV табиғаты әлі де жұмбақ екенін айтты.

Қазір зерттеу алдын ала нұсқа мәртебесіне ие: болашақта оны сарапшылар зерттеуі керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале