Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Әр қазақ – менің жалғызым» атты «Ақ жол» демократиялық партиясының бастамасымен дәстүрлі фотобайқау ұйымдастырылған болатын.
Байқауға кең байтақ республикамыздың белгілі фотографтары қатысып, өздерінің шығармашылық еңбектерін жолдады. Айтулы жарысқа қатысқан Ақ Жайық өңіріне танымал суретке түсіруші, өз ісінің шебері Рафхат Халелов үздік туындысы үшін екінші орынға ие болды. Ол қазылар алқасы төрағасының және «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің атынан дипломмен марапатталды.
Нұрым Нұрманов,
zhaikpress.kz