11.02.2026, 14:45
Оқылды: 230

Үздік бестікте! Алда - шешуші сайыс

_gluster_2026_2_10_8a353c16e4dba05961bf73f5d52c3285_1280x720

Фото: gov.kz

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз орталығы.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Илья Малинин (АҚШ) - 108.16 ұпай

2.Юма Кагияма (Жапония) - 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4.Даниэль Грассль (Италия) - 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін алған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале