21.11.2018, 17:08
Оқылды: 30

Үздік техинспекторлар марапатталды

Биыл облыста кәсіподақтар орталығының ұсынысымен «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы бекітілген болатын. Осы бағдарламаның басты бағыттарын түсіндіруді, техникалық инспекторлардың жұмыстарын жетілдіруді көздейтін еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың облыстық форумы өтті.

PHOTO-2018-11-21-14-41-46Кәсіподақтар еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады. Бұл мәселелер Еңбек кодексінде айқын көрініс тапқан. Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы биылғы жылды «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялаған болатын.

Аталмыш федерациядан бастап облыстық, салалық бастауыш ұйымдардың жұмыстары негізінен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған іс-шаралармен жалғасып келеді. Жалпы еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру міндеттері өндірістік кеңестерге, техникалық инспекторларға жүктелген. «БҚО-ның кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ербол Салықовтың айтуынша, облыстық әкімдікпен, жұмыс берушілермен еңбек шарттарында еңбек қауіпсіздігі, мекеме-ұйымдардағы, кәсіпорындардағы өндірістік кеңестердің құрылуы, техникалық инспекторлардың білім-білігін көтеру мәселелері басты көрініс тапқан. Облыс бойынша кәсіподақ ұйымдары бар мекеме-ұйымдарда, кәсіпорындарда 404-дің үстінде өндірістік кеңес құрылған және 492 техникалық инспектор жұмыс істейді. Енді өзге де өндіріс орындарында өндірістік кеңестер құру жұмыстарына назар аударылған.

PHOTO-2018-11-21-14-41-04

-Облыста биылғы жылдың өткен мерзімі ішінде 34 жазатайым оқиға орын алса, болған жазатайым оқиғалардан 37 адам зардап шегіп, үш адамның қазасы тіркелді. 2017 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша облыс кәсіпорындары мен мекеме-ұйымдарында жазатайым оқиғалар салдарынан 68 адам зардап шегіп, олардың алтауы қайтыс болды. Жазатайым оқиғалардың өсуі құрылыс саласында байқалады, - деді жиында облыстық кәсіподақтар орталығы төрғасының орыбасары Бауыржан Атауов.

Форумда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ-ның директоры Виктор Графкин кәсіпорындардағы халықаралық стандарттарды енгізу, Орал политехникалық колледжінің техникалық инспекторы Михайл Горлов техникалық инспектордың жұмыс әдістері туралы және өзге де техникалық инспекторлар өз жұмыс әдістерімен бөлісті. Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Үздік техникалық инспектор» байқауы және «2018-2019 жылдарға арналған кәсіподақты жаңғыртудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өткізілген басқосуда техинспекторлардың озық еңбек тәжірибелері насихатталды.

Сондай-ақ облыс бойынша үздік деп танылған бір топ техинспекторлар, «Жайықжылуқуат» АҚ-дан Виталий Кукушкин, Орал политехникалық колледжінен Михайл Горлов, «ҚПО б. в.» компаниясынан Айбек Имақанов, «Батыс су арнасы» кәсіпорнынан Талғат Полатұлы марапатталды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале