Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
18 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарғаны белгілі болды. Онда Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқаны айтылған.
"Сот шешімі бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 қарашаға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев әріптесі Мейірхан Шерниязовпен бірге биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылған.