25.06.2024, 17:32
Оқылды: 65

Велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы анықталды

Велоспорттан Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде екі қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

4AB0F02F-1928-4DCE-A23E-00EC9044A279

Сурет: Olympic.kz

Ерлер арасында 178 шақырымға жарысудан Дмитрий Груздев чемпион атанды. Күміс жүлдені Глеб Брусенский, қоланы Штеин Йоган еншіледі. 

Әйелдер арасында 100 шақырымға жарысудан Рината Сұлтанова топ жарды. Сондай-ақ, Виолетте Казакова екінші, Елизавета Склярова үшінші орыннан көрінді. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале