"Әртістік жүзуден Қытайда өтіп жатқан әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Виктор Друзин қола жүлдегер атанды. Ол өз жаттығуы үшін төрешілерден 161.5771 ұпай алған.
Алтын медальді италиялық Филиппо Пелати (174.5979), күмісті испаниялық Жорди Иглесиас (163.5543) еншілеген.
Айта кетелік, Қытайдағы әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар Эдуард Ким мен Наргиза Болатова күміс медаль жеңіп алды. Олар жұптық сында өнер көрсетті.