Бұған дейін АҚШ барлаушылары да Украина армиясының ресейліктермен шайқаста баяу болса да маңызды прогреске қол жеткізгенін мәлімдеген еді, деп жазады qazaqstan.tv.
Жақында Украина қарулы күштері елдің оңтүстігі мен шығысында, яғни Херсон, Харковь, Донецк облыстарында қарымта шабуылға кірісті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, украин жауынгерлері Ресей армиясын құрал-жабдықпен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайтын Изюм қаласына жақындап барады.
Ал CNN телекомпаниясының хабарлауынша, Украина Херсон облысын жыл соңына дейін қайтарудан үмітті.