3.05.2023, 15:01
Оқылды: 50

WALS Президенті Кэтрин Льюис: "Lesson study жүйесін енгізудегі Қазақстанның тәжірибесі – менің тәжірибемдегі ең үздігі"

Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының бастамасымен «Сабақты зерттеу: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» I Ұлттық конференциясы өтті.⠀

WhatsApp Image 2023-05-03 at 14.42.15
– Сабақты зерттеу тәжірибесіне негізделген⠀мұғалімдердің кәсіби дамуы⠀ жоғары оқыту сапасын қамтамасыз етеді.⠀Бұл мұғалімдердің дұрыс бағытта келе жатқанына сенім ұялатады, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ильясов.
Конференцияның цифрлы портреті де шараның ауқымын айғақтайды: сабақты зерттеу тәсілін белсенді енгізіп жүрген 500-ден астам қазақстандық педагог АҚШ, Жапония, Малайзия, Шотландия, Ұлыбритания және отандық беделді эксперттермен терең және мазмұнды диалог құруға асық болды. Және кездесу барысында жалпы саны 100-ден астам табысты зерттеуді қатысушылар бірге талқылады.

WhatsApp Image 2023-05-03 at 14.42.15 (1)
– Педагогикалық шеберлік орталығының әлемнің барлық зерттеушілерін қанатының астына алған Дүниежүзілік сабақтарды зерттеу қауымдастығының мүшесі атануы Lesson study Kazakhstan жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ұйымның Сарапшылар кеңесі WALS-2024 халықаралық конференциясын Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі конференция соның заңды бастамасы, – деді Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрағасы Әнуар Жанғозин.

WhatsApp Image 2023-05-03 at 14.42.15 (2)
– Қазіргі мектеп мұғалімі - бұл өз тәжірибесін талдайтын, проблемаларды көре білетін және оны білім беру процесін ұйымдастыру арқылы сәтті шешуге қабілетті зерттеуші мұғалім. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін және бүкіл мектеп әлеуетін дамытуға ықпал етеді, деді сенімді түрде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры, Азияда білім беру жаһандық комиссиясының комиссары Күләш Шәмшидинова.
Калифорниядан онлайн қосылған Word Association Президенті Кэтрин Льюис Lesson study жүйесін енгізудегі Қазақстанның тәжірибесін ең үздіктердің бірі екенін мойындады.
– Қазақстандық педагогтердің зерттеулерімен халықаралық конференциялардан таныспын. Әлемде Lesson Study-ді кеңінен қолданатын елдер әлі де аз, сондықтан біздің бір-бірімізден үйренеріміз көп екеніне сенімдімін, – деді ол.
Зерттеу іс-әрекетінің білім берудің бүгіні мен болашағына әсері – пленарлық және секциялық отырыстар, шеберлік сағаттары, панельді дискуссия мен симпозиум, сабақты бақылау шараларында талқыланған басты тақырып.⠀

Айдана Хамидуллина,

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале