Sports Illustrated және DAZN инсайдері Крис Мэнникстің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік бокс федерациясы (WBO) өзінің нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, американдық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен Қазақстаннан үміткер Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) промоутерлік сауда жекпе-жегін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауда-саттық датасы 2022 жылдың 15 қаңтарына белгіленген. Еске сала кетсек, тараптарға жекпе-жекті ұйымдастыруға келіссөздер жүргізу үшін 20 күн берілді, алайда осы уақыт ішінде ештеңеге қол жеткізілген жоқ. Андраденің өзі осының орнына WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарломен бірлескен жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.
Еске сала кетсек, боксшылардың екеуі де алдыңғы жекпе-жектерін қараша айында өткізген: Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа түсірсе, Андраде ирландиялық үміткер Джейсон Куинглиді жеңген болатын.