БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге, басқа да қаржылық тұрақты құрылымдарға, облыс шаруашылықтарына 2022 жылғы күзгі-далалық жұмыстарды өткізу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан жіберілу бағасы тоннасына 222 мың теңгеден дизель отынын облысқа жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады.
Суреттің дереккөзі: ayu.edu.kz
Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысуын жазбаша растауды және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2022 жылғы 14 шілде сағат 12:00-ге дейін тапсыруын сұрайды.
Әлеуетті операторларға қойылатын талаптар:
Арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:
- арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға өтінім (ілеспе хат);
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (мұнай базасы) (Ф-2);
- мұнай базасын жалға алған жағдайда, мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалға алу шартының көшірмесі;
- дала жұмыстары кезінде демалыс және мереке күндері дизель отынын
8 сағаттық жұмыс күнімен босату туралы келісімхат;
- мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не кредиттік ресурстарға қолжетімдігі туралы банктің растауы;
- жабық (мөрленген) конвертте Орал қаласына дейін жеткізуді ескере отырып, дизель отынының 1 литріне баға ұсынысы және негізделген есептемелер (калькуляция);
- жабық (мөрленген) конвертте автожанармай құю станцияларынан сату немесе дизель отынын облыстың аудан орталықтарына дейін жеткізудің өзіндік құны бойынша баға ұсынысы;
- дизель отынын тасымалдауға арналған арнайы автокөліктің техникалық паспортының көшірмесі.
Барлық сұрақтар бойынша: Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75-үй, 208-кабинет, тел.: 51-18-20 хабарласуға болады.