5.11.2024, 17:45
Оқылды: 7

Хадиша театрының актрисасы «TEATRALL» III халықаралық театр фестивалінде үздік атанды

28 қазан және 3 қараша аралығында Астана қаласында «TEATRALL» III халықаралық театр фестивалі өтті.

IMG_0867

Фестиваль Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Роза Мұқанованың шығармашылығын насихаттауға бағытталған.

Бұл іс-шарада Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қаралы сұлу» трагедиясын сахналады. Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған – Роза Қажығалымқызы.

Қойылымның режиссері – Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, өнертану ғылымдарының магистрі Алмат Шәріпов.

Осы фестивальде биылғы 25 қазан – Республика  күні қарсаңында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың  Қазақстанның халық әртісі атағын алған Хадиша театрының актрисасы Гүлжиян Шынтемір «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» аталымымен марапатталды. Ол қойылым барысында қызметші кейуананың рөлін жоғары деңгейде сомдап  шықты.

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ақпарат бөлімінің жетекшісі Жарқынай Әділованың мәлімдеуінше, аталған фестивальде С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсурдын, Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры «Қыз жылаған» музыкалық драмасын, Түркістан музыкалық драма театры «Фариза» драмасын және Қазақ мемлекеттік драма театры «Шатыр астындағы мен» трагикомедиясын сахналаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале