25.11.2022, 11:15
Оқылды: 40

Хакерлер 3,2 млн қазақстандық WhatsApp қолданушыларының деректерін қолды қылды – БАҚ

Танымал хакерлік форумда WhatsApp қолданушыларының 500 миллионға жуық телефон нөмірлерінен тұратын база сатылымға қойылған, олардың арасында кейбір қазақстандықтардың да нөмірі жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

806d921b8ce0455b9f8b058a70a638e1

Cybernews басылымының мәліметінше, хакерлердің тырнағына 84 мемлекеттің тұрғындары ілінген, олардың 3,2 миллионға жуығы Қазақстан қолданушылары көрінеді. Аталған мессенджердің 2 миллиардтан астам қолданушысы бар десек, ұрланғаны оның төрттен бір бөлігін құрайды.

Сұранысқа сәйкес WhatsApp дерекқорын сатушысы басылым зерттеушілеріне үлгі тізім деректерімен бөліскен. Жалпы үлгіде 1097 британдық және 817 америкалық қолданушылардың нөмірлері көрсетілген.

Cybernews үлгіге енгізілген нөмірлерді зерттеп, олардың барлығы мессенджер қолданушылары екенін растады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале