Ел басқару ісі қай заманда да, қай қоғамда да оңай болған емес. Кеше де, бүгін де, ертең де солай. Атам қазақтағы: «Әкім бол, халқыңа жақын бол», «Ұлық болсаң, кішік бол» деп келетін қанатты сөздер жайдан-жай айтыла салмаған. Өз халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкен Мақаштай әкімдердің (халық құрметтеп Мақаш деп атаған Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов (1830-1904 ж.ж., – белгілі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, елу жылдай ел басқарған) санаулы екені – осының анық дәлелі. Даңқты жерлесіміз Қадыр Мырза Әли өзінің сұхбатында әкімді мақтаған жанды халқымыздың онша ұната қоймайтынын айтқаны бар. Шыныменен, ұлы шайырдың неге бұлай толғанып, тереңнен сыр суыртпақтағаны ерекше назар аударарлық.
Қазақ қоғамындағы қараша халықтың «бекмырзалар» мен «би-шораларға» соншалықты қырын қарауының сыры неде? Неліктен билік пен бұқара үнемі баррикаданың екі жағында? «Бөліп ал да билей бер» деп, қоғамды жік-жік қылып, тарихымызды таптық тұрғыдан түсіндірген бодау заман әлдеқашан артта қалды емес пе?! Әйтсе де, бұл мәселе – сан қырынан саралап, әлі де талдап-тарқатуды қажет ететін өзекті тақырып.
Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 13 шілдедегі №56 санынан оқи аласыздар.
Жаңабек Жақсығалиев,
облыстық мәслихаттың депутаты