12.09.2023, 12:15
Оқылды: 46

Халық күресі тарихта қалай жазылып жүр?

Біле жүріңіз!

Бүгінгі тәуелсіздік санада Исатай-Махамбет кө
терілісі қаншалықты дұрыс жазылып жүр. Мәселен, тарихшы Ж.Қасымбаевтың IX-сынып оқулығына арнап жазған «Қазақстан тарихы» кітабында (2001 ж) Исатай-Махамбет көтерілісі барынша айқындалып, көтерілістің себебі «Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі, ауыр алым-салықтың күшеюі» десе, көтерілістің салдары ретінде «Жәңгір мен Қарауылқожаның озбырлығы мен жүгенсіздігін» келтірген.
жп орда

Алайда 
қазақ тарихшыларының тұжырымдары әр түрлі. Айталық, Аль-Халель Қарпықтың «Импрам достойной ханов» кітабында Исатай-Махамбет көтерілісі сәл басылдырылып жазылған. Мәселен, «Но, увы не все новаций Жангир-Хана имели положительные воздействие на жизнь его подданных. Часть нововеденции это правителья оказала и резко отрицательное влияние на жизнь простого народа, что  вызвало его недовольство и, в конце-концов привело к восстанию под началом Исатая Тайманова и Махамбета Утемисова»- делінген.

Ал тарихшы Ж.Артықбаев «Қазақстан тарихы» атты кітабында «XIX ғасыр бірнеше ірі көтерілістерге ұрындырды, халық өз тәуелсіздігін қорғап қалуға ұмтылды» дей келе, «қазақтар жерге бөліну, алым-салық, кәсіпке бейімделу, әкімшілік жүйе, т.б қабылдай алмады» деп оған мысал ретінде «Бөкей ордасындағы Исатай-Махамбет көтерілісін алуға болады», - деп пайымдау жасайды.

Қорыта айтқанда, Исатай-Махамбет көтерілісі ұлттық тұжырымдарда жігі жатқызылып жазылып жүргені неліктен? Ойланатын сұрақ?

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале