28.03.2025, 12:00
Оқылды: 50

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі өз қызметінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарын күшейтті

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі өз қызметінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарын күшейтті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі.

fc45b208cc0812a61f0df572dd9f8fbb_1280x720

Сурет: gov.kz

 

2024 жылдың қазан айынан бастап Кеңес Төрағасы мен оның мүшелерінің азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау тәртібі өзгертілді.

Бұрын бекітілген кестеге сәйкес Кеңес басшылығы мен лауазымды тұлғалары азаматтарды айына бір рет қабылдаса, қазіргі уақытта Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтар мен судьяларды толғандырған сұрақтары бойынша күн сайын онлайн және офлайн форматтарда жеке қабылдау өткізуде.

Мәселен, 2020 жылдан 2024 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Кеңес Төрағалары барлығы 26 азаматты, оның ішінде 4 судьяны жеке қабылдаса, соңғы жарты жылдың өзінде Кеңес басшылығы 76 азаматты, оның ішінде 31 судьяны қабылдады.

Азаматтар жеке қабылдау барысында негізінен сот актілерімен, судьялардың іс жүргізу әрекеттерімен келіспейтінін, судьялардың этикалық нормалардың бұзуын айтып, сот процесі кезінде жіберілген заңбұзушылықтар үшін судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін көтеруде.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға Кеңестің құзыреті шеңберінде сот актілерін процессуалдық заңнама шеңберінде шағымдану тәртібі, сондай-ақ судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту тетігі мен негіздері бойынша толық түсіндіру жүргізіледі.

 Жеке қабылдау барысында судьялар мансаптық өсу, сот төрелігін жүзеге асыру мен соттан тыс қызмет барысында тәуелсіздіктің кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп, сот органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша, оның ішінде конкурстық іріктеу критерийлерін жетілдіру және тәртіптік іс жүргізу процесіндегі объективтілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нақты ұсыныстар енгізуде.

Аталған ұсыныстар Кеңестің жұмыс кеңестерінде талқыланып, оның қызметін одан әрі жаңғырту барысында ескеріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале