"Зияткерлеріміз «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғарыштық зерттеулер бағытындағы жобалар сайысында үздіктер қатарынан көрінді. Сәуірдің 28-29 күндері Астана төрінде өткен байқауда іріктеуден өткен 94 оқушы бақ сынаған", - деп хабарлайды Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.
Мектебіміздің 11-сынып оқушылары Махамбет Өтепқали мен Нұрсұлтан Зинуллин «Күн жүйесі» секциясынан 2-орын, ал 9-сынып оқушысы Қайдар Молдаш «Ғарыштық ақпараттық техникалар және модельдеу» бағыты бойынша 2-орынды иемденді.
– Менің жобам ғарышкерлерге түрлі жаттығу жасататын зерттеу жүргізу қондырғысы болып саналады. Бұл қондырғы ғарышкерлердің кез келген жағдайда жайлы сезінулерін, өз реакцияларын қалпында ұстауын қамтамасыз етеді, – дейді жас өнертапқыш Қайдар.
Ал Махамбет пен Нұрсұлтанның жұмысы – «Атлас» ғарыштық зерттеу аппараты. Бұл жоба планетаралық кеңістікті, олардың табиғи серіктерін зерттеуге және ғарыш кеңістігінде түрлі физикалық, химия-биологиялық тәжірибелер жүргізуге арналған ғарыштық аппарат ретінде қызмет етеді. Жобаның бортындағы түрлі зерттеу приборлары, жасанды инттеллект қондырғысы және алуан жасуша салынған капсулалар балаларды жеңіс тұғырына жетеледі.
Жетекшілері: мектеп мұғалімдері – Өмірғали Молдашев, Эльмира Мусагалиева, Медет Бисекенов.