Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов пен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі бөлімінің жетекшісі Кэти Коттрэлл арасында кездесу өтті. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
Кездесу аясында тараптар білім беру, сауда және инвестиция бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қала әкімі Оралда ағылшын мектептерін ашу жөнінде ұсыныс білдіріп, бұл бастама қаланың білім беру әлеуетін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.