28.12.2021, 10:01
Оқылды: 17

Халықаралық хоккей федерациясы қаңтарға жоспарланған барлық жарыстың күшін жойды

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ұйымның қолдауымен қаңтар айына жоспарланған жарыстардың болмайтынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

a0f52e84303c4dbdb500d9c55b840c65

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Күшін жойған IIHF жоспарындағы жарыстардың тізімінде 8-15 қаңтар аралығында Швецияда өтетін Қыздар арасындағы жастар әлем біріншілігі де бар. Оған 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы да қатысатын болып жоспарланған.

Біз өткен жылдағыдай ерлер мен әйелдер арасындағы IIHF жарыстарын, соның ішінде екінші жыл қатарынан 18 жасқа дейінгі қыздар дивизионындағы жарыстарды тоқтату туралы қиын шешімді қабылдауға мәжбүрміз, - дейді IIHF Президенті Люк Тардиф.

Турнир екінші жыл қатарынан тоқтатылды, 2021 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарыстар болмаған еді.

Лигалардың міндеттемелеріне байланысты аталған турнирлердің барлығы кейінге шегеріле алмайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале