16.08.2023, 23:25
Оқылды: 16

Халықаралық жастар күніне орай «БҚО медиа кубогы» футбол ойынының ашылу салтанаты өтті

Ашылу салтанатында облыстық жастамен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Аңсар Ихсанұлы сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

b7ddb8ca-c79a-4e36-b39c-df0f1bae516d

«Бқо медиа кубогі» футбол ойыны салауатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастыруға, жастар арасында есірткіге тәуелділікті болдырмауға, бос уақыттарын әлеуметтік желіге арнамауға ықпал етуге, компьютерлік және құмар ойындарынан бас тартуға шақыруға; жастарды спортпен жүйелі шұғылдануға, мәдениет қызметкерлері және кәсіпкерлер мен ресурстық орталық мамандары арасында кәсіби қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.32

Футбол ойыны 11х11 форматында 2х45 минуттан және 2х2 қосымша минутымен өтті. Аталмыш ойынға жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, мәдениет саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер және жайдарманшылар қатысты.

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.31 (2)
15 тамыз күні алғашқы ойындар «Ақжайық» футбол клубының алаңында өтсе, 16 тамыз күні жартылай финал және финалдық ойындар П. Атоян атындағы стадионда өтті.

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.31 (1)
Ойын қорытындысы бойынша 1-орынды «Назар аудар» құрама командасы, 2-орынды жас кәсіпкерлер командасы, 3-орынды мәдениет командасы иеленді. Сондай-ақ «Үздік қақпашы» аталымына «Назар аудар» командасының ойыншысы Кубашев Қуаныш, «Үздік шабуылшы» аталымына «Жайық жастары» командасының ойыншысы Бигалиев Азамат,«Үздік қорғаушы» аталымына «Мәдениет» командасының ойыншысы Елешев Әділжан лайықты деп танылды. Марапаттау рәсіміне Қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Мирфат Талғатұлы қатысып, барша қатысқан командаларға алғысын білдіріп, жеңіске жеткен командаларды құттықтады.

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.31

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.30 (1)

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.30

WhatsApp Image 2023-08-16 at 19.09.28 (1)

WhatsApp Image 2023-08-16 at 20.07.55

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале