8.09.2021, 10:48
Оқылды: 43

Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс кестесі өзгерді

2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қаласы бойынша №1 және №2 халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі күндері – демалыс.

 WhatsApp Image 2021-05-05 at 15.32.51

Орал қаласы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету бөлімі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ретте ескеретін жайт – құжаттарды қабылдаудың регламентіне сәйкес мемлекеттік қызметке құжаттарды қабылдау уақыты – сағат 09:00-ден 17:20-ға дейін. Ал дайын құжаттарды беру09:00-ден 19:00-ге дейін. Сенбі-жексенбі – демалыс.

Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімдерідүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі – демалыс.

Қызмет алушыларды қабылдау Ashyq арқылы жүргізіледі. Кезекті алдын-ала брондау мүмкіндігі сақталады. Бұл жағдайдағы артықшылық – клиент операторға өзі таңдаған уақытта жүгіне алады.  Кезекті алдын ала брондауwww.egov.kz, Телеграмм-бот - еgovKZBot2.0, EgovMobile қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале