15.09.2021, 15:32
Оқылды: 47

Халықты санақтан өтуге шақыратын бейнеролик жарыққа шықты

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты тұрғындарды онлайн-халық санағынан өтуге шақыратын бейнероликті іске қосты.

 сс

Тұрғындар sanaq.gov.kz сайтынан онлайн режимде халық санағынан өте алады. Сайт тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді.
Ал онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында дәстүрлі аралау кезінде интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады.

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту үшін сіздерден саналы түрде онлайн форматта халық санағынан өтуді сұраймыз! Өйткені интервьюерге барған кезде әрбір респондентке 30-40 минут уақыт кетеді. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін онлайн халық санағынан өтуге шақырамыз, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

 

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале