24.10.2023, 17:00
Оқылды: 47

Халықтың Бауыржаны

Көзі қарақты қазақ Бауыржан Момышұлын жақсы біледі десек те оның ерлік жолдарын уақыт өткен сайын ұрпақтың есіне салу бүгінгілердің міндеті болмақ.

b283f71d-7186-45f1-9c8f-59190f9be334

Әсіресе, батырдың өзі жазған кітаптарына тарихи ізденістер жасап саралар болсақ, Бауыржанның ерлік жолдары, оның ақыл-парасты мен адамгершілік қасиеті ұрпаққа ұрандауға тұрарлық үлгі өнеге.

Оның өзге ерліктерін айтпағанда тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде Москва түбіндегі соғыстарда 27 сәтті ұрыс жүргізгені енді ғана жазыла бастаған ақиқаттың бірі.

Әсіресе Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан күресті жалғастыра жауынгерлерін соғыс алаңынан аман алып шығуы нағыз ерліктің үлгісі болатын.

Оның осындай ерліктері үшін 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И. Серебряков 1942 жылдың тамызында Бауыржанды Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Алайда наградтау қағазы жоғалып кетеді.

Кейін 1944 жылдың шілдесінде Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумына: «Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін. Әділдік осыны талап етеді» деп жазады. Бұл да аяқсыз қалады.

Осылайша ерліктің үлгісін көрсеткен жерлесіміз Бауыржан Момышұлы соғыстан дін аман оралып дивизия командирі лауазымында полковник шенінде елге келеді.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале