25.03.2021, 20:35
Оқылды: 49

Хамит аға һәм қара шаңырақ

Табиғат-ана ақырған ақпан-ұлын арбадан түсіріп, көптен күткен қыз-көктемін  өмірге әкелгеніне де айға жуықтап қалды. Неге екенін қайдам, жыл-он екі айдың осы бір сәті кәрі мен жастың жанын жадыратып, қиялын қияндарға шарықтатып жіберетіні бар. Осындайда өткен өмір өрнектері көз алдыңда құс керуеніндей тізіліп бара жататынын қайтерсің?!

 Хамит аға һәм қара шаңырақ2

Иә, арқалағаны алтын, жегені жантақ (Шерхан Мұртаза) бұл кәсіпке құлай беріліп, сөзден сурет салуға мені итермелеген һәм бағыт-бағдар берген кім? Қанатымды қатайтып, тіршілігі қиямет тілші деген қауымның қатарына қосқан кім? Сонысымен қоймай, ілуде біреудің ғана аяғы ілігетін қара шаңырақ – КазГУ-дың қабырғасында білім алуға жол ашқан кім? Бәрін айт та, бірін айт, бұрауы қатаймаған бозбаланы артынан ертіп, талайлардың табанының ізі қалған сүрлеу жолға адастырмай салып жіберген ардақты адам кім? Ол сол кезде жасы алпысты алқымдап қалған менің тұңғыш редакторым Сүлейменов Хамит Қарайұлы.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 26 наурыз күнгі №24 санында журналист Бауыржан Бисеновтің «Хамит аға һәм қара шаңырақ» атты мақаласын оқыңыз, ойлы оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале