5.05.2025, 12:30
Оқылды: 163

Химия өнеркәсібінің өсуі мемлекеттік қолдау және жаңа жобалар есебінен қамтамасыз етіледі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай-химия саласын дамыту мәселесі қаралды.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты хабарлады.

3a8fb928-e75f-45c4-be44-1ad6adb6b926

Сурет: telegram.org

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бүгінде химия өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы үлесі 4,6%-ды құрайды және ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардың дамуына оң әсер етеді.

«Жылдың тоқсандық қорытындысы бойынша өнім көлемі 12,5%-ға өсіп, 406 млрд теңгені құрады. Осы жылы өндіріс көлемін 5%-ға арттыру көзделген. Жоспар бойынша өсім биылғы іске асырылатын жобалар және тыңайтқыштар мен фосфорды 13%-ға, натрий цианидін 15%-ға, полипропилен өндірісін 32%-ға арттыру арқылы іске асырылатын болады», — деді ол.

Жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 7,7%-ға өсіп, 1,1 трлн теңгеден асты. Саланың негізгі кәсіпорындары ішкі сұраныстың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті дамытады.

Жалпы, министр атап өткендей, соңғы бес жылда сала жыл сайын орта есеппен 5%-ға өсумен тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл – отандық өндірушілердің жүйелі жұмысы мен мемлекет тарапынан қолдаудың нәтижесі.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале