3.01.2018, 15:53
Оқылды: 84

Хиуаз Доспанованың есімі ұлықталды

Орал қалалық №30 орта мектебіне қазақ халқының қаһарман қызы  Хиуаз Доспанованың есімі берілуіне орай салтанатты шара өтті.

«Ерлік – елге мұра»  атты тағылымды  шарада қазақтың қайсар мінезді  ұшқыш қызының майдан даласындағы ерлігі жайлы бейнебаян көрсетіліп,  соғыс ардагерлері  естеліктерімен бөлісті.

-  Хиуаз  апамыз Ұлы Отан соғысы кезінде әскери ұшақпен аспан төріндегі ерлігімен, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында елден шыққан ерен ерлігі бар тұлғаларды насихаттау қажеттігін айтқан еді. Хиуаз Доспанованың ерлігі еш ұмытылмақ емес. Еліміздің батырларын жиі насихаттасақ,  жас ұрпақтың бойына адамгершілік, патриоттық тәрбиені ұялатамыз деп ойлаймын,- деді қала әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиұлы.

Хиуаз Доспанова Отанын шексіз сүйді. Батыр апамыздың ерлік еңбектері туралы қалдырған жазба деректеріне сүйенсек, оның қызмет еткен полкі Оңтүстік майданда, яғни Солтүстік Кавказ, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Ол кездегі авиациядағы штурманның атқаратын рөлі маңызды болатын. Әуеде қарша бораған оқтың арасында жүріп ерлік көрсету - екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Ал қазақтың ұшқыш қызы 300-ден астам тапсырманы асқан шеберлікпен орындап шыққан еді.

Тағылымды кеш аталмыш мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.

                                                                                Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz     

IMG_2988 IMG_2994 IMG_3008 IMG_3059

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале