6.06.2023, 15:35
Оқылды: 47

Хорватиядан оралды

Хорватияның Сплит қаласында "Dalmatinko Cup-2023" турнирі өтті. Жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, жарыс тәжірибесін молайтуға арналған дәстүрлі жарыста ел намысын «Ақжайық» футбол клубында орталығында тәрбиеленетін «Ақжайық-2012» командасы қорғады.

ф

Байрақты бәсекеге алаң иелері – Хорватиядан бөлек, Черногория, Словения, Македония, Босния сияқты елдерінен келген 28  команда қатысты.

«Ақжайық-2012» турнирде төрт кездесу өткізді. Алдымен хорватиялық "HNK Val" командасын 2-1, одан соң тағы бір хорватиялық ұжым "TNK Dugopolje" командасын 3-2 есебімен тізе бүктірген Жайық елінің жас футболшылары топтық кезеңдегі соңғы ойынында босниялық "SF Sparta" командасымен 1-1 есебімен тең түсті. Жарыстың 1/8 финалына жолдама иеленген «Ақжайық-2012» плей-офф кезеңінде де тамаша ойын көрсетті. Словениялық "NK Domzale" клубының тәрбиеленушілерімен 1-1 ойнаған Руслан Жангировтің шәкірттері ойын соңындағы пенальти сериясында ғана есе жіберді.

ф1

Десе де, қазақстандық команда ойыншылары еуропалық футбол мамандарының оң бағасын алды. Әсіресе Арман Алтымбек, Илья Вавин, Олжас Дәуіттің ойыны көпті таңдай қаққызды.

Маусымның 6-сы күні Хорватия жасыл алаңдарында ел намысын сәтті қорғаған жас футболшылар Оралға келді. Таңертен Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайға қонған футболшыларды ата-аналары мен БАҚ өкілдері қарсы алды.

ф7

-Турнир біз үшін сәтсіз болды дей алмаймыз. 4 кездесу өткізіп, өзімізді жақсы қырымыздан таныта алдық. Шәкірттеріме алғыстан басқа ештеңе айта алмаймын. Ендігі мақсат алда болатын жарыстарға тыңғылықты дайындалу,-деді команда бапкері Руслан Жангиров.

Түгелбай Бисен

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале