Париждегі «Стад де Франс» стадионында XVII жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Жабылу салтанатында спортшыларымыз Қазақстан туын алып шықты. Бұл туралы Қазспорт жазды.
Суреттер: Қазспорт
Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Паралимпиада ойындарын қорытындылады. Эндрю Парсонс жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, жарысқа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
«Бұл Паралимпиада ойындары тарихындағы ең әсерлі әрі тартысқа толы бәсеке болды. Өкінішке қарай, 2024 жылғы Паралимпиада ойындарын жабық деп жариялауға тура келеді», - деді Эндрю Парсонс.
Дүбірлі додада 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Франция астанасында өнер көрсеткен 4 400 спортшының қатарында 44 қазақстандық бар.
Қоса өтейік, отандастарымыз үшін Париждегі XVII Паралимпиада ойындары рекордпен аяқталды. Спортшылар тоғыз медаль алып, Токиодағы үздік көрсеткішті жаңартты. Оның екеуі алтын, үшеуі күміс және төртеуі қола. Қазақстан жалпы есепте 39-орында тұр.