АҚШ-та яхтада өрт шығып, жолаушылар суға секіруге мәжбүр болды. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Cурет дереккөзі: New Hampshire State Police / AP
Оқиға 18 маусымда Мэн штатындағы (АҚШ) Пискатакуа өзенінде болды. 20 метрлік сәнді Elusive яхтасының үш жолаушысының бірі палубаның үстіндегі қара түтінді байқап, бірден төтенше жағдайлар қызметіне өрт шыққанын хабарлады. Бірнеше минуттан кейін кеме қалың түтінге толды. Туристер екі итімен бірге борттан секіруге мәжбүр болды.
Жақын маңдағы кемелер жолаушыларға көмекке келді, оларды судан шығарып, жағаға жеткізді.
Құтқарушылар өртті сөндіруге тырысқанмен, Elusive яхтасы екі сағаттан соң батып кетті. Өрттің себептері анықталып жатыр.