14.02.2024, 17:57
Оқылды: 49

Юджин Скайлер: «Қазақтар табиғаттың өз ұрпағы»

1867-1875 жылдары АҚШ-тың Мәскеудегі консулы дипломат, әрі журналист Юджин Скайлер қазақтар туралы алғаш рет өз пайымдауын жасаған американдықтардың бірі.

ЖП этнофестиваль (3)

Көрнекі фото 

Айталық, 1873 жылы қазақ даласына саяхат жасаған Скайлер «Түркістан. Орыс Түркістанына, Қоқанға, Бұхараға және Құлжаға жасалған саяхат жазбалары» кітабында дала перзенттері қазақтар туралы тамаша ойын қалдырады.

Ол: «Қырғыздар өмірдегі қарапайымдылығының арқасында Азиядағы басқа халыққа қарағанда, табиғаттың өз ұрпағы болып саналады. Мұнда олардың бала секілді кемшіліктері мен артықшылықтары да ескеріледі. Олармен алғашқы кездескенде ойыңда бір жақсы әсер қалатыны анық, алайда қырғызды біле келе, оларды сүймеу, тіпті сыйламау мүмкін емес. Орта Азияда болғандардың бәрінің ойы «қырғыздар өзге тайпалардың бәрінен артық» деген ортақ пікірге келіп табан тірейді» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале