Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт (Мажарстан) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Фото: ktf.kz
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 295-орында тұрған украиналық Катерина Володькомен шеберлік байқасты.
Бәсекені украиналық теннисші қарқынды бастады – 6:1.
Одан кейін Путинцева қарымта қайтара алды – 6:2, 6:1. Ол екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы, америкалық Клэр Льюмен кездеседі.