Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, әлемдік рейтингте 61-ші орынға ие Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Монреальда (Канада) WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында әлемнің 53-ші ракеткасы америкалық Бернарда Перуды жеңді.
Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.
9 тамызда екінші айналымда Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы АҚШ-тан Джессика Пегуламен ойнайды.