10.01.2026, 11:00
Оқылды: 118

Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Анталья қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды.

IMG_6320

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Сондай-ақ қазақстандық «классиктердің» қоржынында екі қола жүлде бар. 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.

Olympic.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале