Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: UWW / Olympic.kz
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліс тапты.
Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды.
Осылайша, Ашрапов әлем біріншілігінің күміс медалін иеленіп отыр. Бұған дейін қазақстандық «классиктер» Испания бозкілемінен 3 қола медаль жеңіп алған болатын.