Бақытжан Абдурахманов Загребте өтіп жатқан Гран-придің қола жүлдегері атанды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз (73 келі) жүлде үшін таласта Косово дзюдошысы Акил Гьяковаты таза ұтқан.
Бұл – Ұлттық құрама еншісіндегі екінші қола медаль.
Бұдан бұрын Айболат Ыстыбай (66 келі) өз салмағында үздік үштікті түйіндеген еді. Байрақты бәсеке бүгін аяқталады.