13.11.2023, 10:45
Оқылды: 34

Зайнутдинов Түркия чемпионатында жарақат алып, ауруханаға түсті

«Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

eadba839-6705-4c80-8da1-2c714d025324

Фото: kff.kz

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зайнутдинов матчтың 41-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале