5.04.2024, 22:21
Оқылды: 45

Замбияда турист піл шабуылынан мерт болды

Сәуірдің 3-і күні Замбияға АҚШ-тан барған қарт турист піл шабуылынан қайтыс болды.

Снимок экрана (20)

Фото: видеодан кадр

The Mirror газетінің хабарлауынша, оқиға Кафуэ ұлттық саябағында болған. Қайғылы жағдай видеоға түсіп қалып, кейін әлеуметтік желілерде тарай бастаған. Кадрлардан жануардың туристер мінген көлікке жүгіріп барып, оны аударып жатқанын көруге болады.

Піл шабуыл жасаған кезде көлікте алты турист пен бір гид болған. Олардың төртеуі жарақат алды, тағы бір саяхатшы ауруханаға жатқызылды. Ал 80 жастағы америкалық әйел жан тапсырды.

Туристік мекеме басшылығы көліктің тізгінін ұстаған тәжірибелі гид жолды жауып тұрған өсімдіктердің кесірінен пілден қашып кете алмағанын алға тартып отыр.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале