25.11.2021, 10:58
Оқылды: 18

Заң консультанттарының сот отырыстарына қатысуға жіберілуі талқыланды

Осы тақырыпта сотта судьялар мен сот отырысы хатшыларының, облыстық Әділет департаменті, Заң консультанттары палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

20181105173134
Іс-шараны ашқан Орал қаласының №2 сотының төрағасы А.Борамбаев заң консультанттарының сот отырыстарына қатысуға жіберілуін реттейтін заңнама талаптарының тиісінше орындалмауына байланысты соңғы уақытта азаматтардан заң консультанттарының тиісінше көмек көрсетпеуіне қатысты шағымдардың саны артқанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 58-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алады.
Судья Бақытгүл Баймағамбетова өз баяндамасында заңнаманың көрсетілген нормаларын қолдану практикасы өздеріне заң консультанты мәртебесін заңсыз иеленген, іс жүзінде осы палаталарда есепте тұрмайтын немесе уәкілетті органның тізіліміне енгізілмеген палаталарда тұратын адамдарды сотқа қатысуға жіберу фактілерінің болуын көрсетеді. Бұдан басқа, жалған, мерзімі өткен құжаттар бойынша өкіл ретінде соттарға қатысу жағдайы орын алып отырғанын баяндады.
Атап өту керек, соттылығы алынбаған және өтелмеген, заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адам заң консультанты бола алмайды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, қатысушылар аталған тақырыпты талқылау өкілдік институтының маңыздылығына назар аударатынын, оның сапасы мен деңгейі елдегі сот төрелігінің сапасын да айқындайтынын атап өтті.

Орал қаласының №2 соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале