13.11.2025, 9:30
Оқылды: 138

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Тәрбие – ел болашағының алтын діңгегі» атты тағылымды кездесу өтті.

355073b6-db13-4887-b689-e8820af4a880

Шараға ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаментінің бөлім прокуроры Исламбек Ғинятов, Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов және БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.
Кездесуде Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков өңірдегі құқықтық ахуалға тоқталып, жастардың қылмыстық жауапкершілік туралы түсінігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

3e280bff-a55c-4ff3-ba85-0623b9fbe6fd

— Соңғы уақытта жастар қатысқан құқық бұзушылықтар жиілеп отыр. Биылдың өзінде 26 қорқытып алу, 37 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 268 алаяқтық және 11 жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Сондықтан жастармен бетпе-бет кездесіп, мұндай әрекеттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды,— деді Жандос Қуанышбеков.

Шара барысында студенттерге құқықтық сауаттылықтың маңызы, алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Кездесуде БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева мен Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов жастарды елжандылыққа, заңға адалдыққа шақырды. Сонымен қатар азаматтық жауапкершілік жайында түсінік берілді.
a03d9718-64eb-4aa0-a676-28e5fcd60470

— Тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Әр азамат заңды құрметтеп, қоғам алдындағы борышын сезіне білсе, мемлекетіміздің іргесі де мығым болмақ,— деді Гүлжанар Шөкеева өз сөзінде.

Осындай кездесулер арқылы жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, ел болашағының жарқын болуына үлес қосу – бүгінгі күннің өзекті міндеті екені тағы бір мәрте айқындалды.

Түгелбай Бисен

Орал өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале